Archive for Август, 2008

Сталиннің шөбересімен сұхбат

Яков Джугашвили Сталиннiң Мәскеуде тұратын 73 жастағы немересi Евгений Джугашвили Тбилисиге келдi дегендi естiп, телефон шалдық. Отставкадағы полковник, әскери маман Е.Джугашвили екi қаланың ортасында жүредi. Оның кезiнде Ресей Думасына депутаттыққа түспек болғанын, одан соң Грузияға келiп, Компартия құрған әрекеттерiн, Сталиннiң ар-намысын қызғыштай қорғап жүргенiн бiлетiнбiз. Алайда ақсақал қазiр мұның бәрiн қойып, жай тiрлiк кешiп жатыр екен. «Кезiнде айттық, жаздық, қазiр шал болдық қой. Бұл шаруамен ұлым Яков айналысып жүр, сонымен сөйлесерсiң», – дедi ақсақал. Шалдың екi ұлы да шығармашылық мамандығын таңдапты. Үлкенi – кинорежиссер, кiшiсi Яков – суретшi.

Сонымен бiз Сталиннiң шөбересi, Глазгодағы өнер мектебiнiң түлегi Яков Джугашвилидi әңгiмеге тарттық. Жасы 37-дегi Яков Джугашвили Сталиндi әлеуметтiк тұрғыдан әдiл мемлекет құрушы, көреген саясаткер деп бiледi. Батыста бiлiм алып, жұмыс iстеп келген ол Батысты буржуазиялық қоғам деп түсiнедi. (далее…)

22.08.2008 at 16:30 Оставьте комментарий


Календарь

Август 2008
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Posts by Month

Posts by Category