Streets of Santa Barbara

04.11.2010 at 09:47 2 комментария

Тегі жапон америкалық ғалым Ресей тарихын зерттеген

Бүгін тегі жапондық профессор Циоши Хасегаваның Хиросима-Нагасаки қасіреті туралы лекциясына қатыстым, өте мазмұнды болды. «Туған жерім ғой» деп Жапонияны, «қазіргі отаным ғой» деп АҚШ-ты мақтап, жақтап тер төккен жоқ, барды – бар, жоқты – жоқ деді. Санта-Барбарадағы Калифорния университетінде жылына бір рет бір ғалым ашық лекция өткізетін дәстүр бар екен. Бұл құрметке мықтының мықтысы ғана ие болса керек. Олимпиада ойындарын өткізетін қаланы анықтаған сияқты, бір жыл бұрын келесі лекцияны кім оқитыны анықталады екен де, әлгі адамға бір жылға жететін грант бөлініп, ол зерттеуге отырады екен. Бір жылдан соң сол гранттың нәтижесін дәлелдеп лекция оқиды екен.

30.10.2010 at 06:13 Оставьте комментарий

Скейтборд мәдениеті

Калифорния штаты – жаяулар жүретін жер емес дейді мұндағылар. Үйлердің бір-бірінен алыс орналасқаны өз алдына, жаяуларға арнайы жол да бөлінбеген көп жерінде. 

Автокөлікке, велосипедке, скейтбордқа арналған жолдар бар да, біз сияқтыларға ештеңе бұйырмаған! «Неге?» деп сұрасаң, себебі мұнда ешкім жаяу жүрмейді дейді. АҚШ-тың басқа университеттерінде бұрынырақта болғанымда мұндай көріністі байқамаппын. Жан-жағыма қарасам, жігіт-қызы бар, барлығы бір аяғын скейтбордқа артып алып, екінші аяғымен жерді теуіп-теуіп жіберіп, тақтайға «мініп» ары-бері жүйткіп жүр. Бір емес, оншақты адамның жөңкіліп бара жатқанын тамашалау қызық екен. Кейбіреулер екі аяқты жаңа көлік түрі сегуеймен серуендеп жүр. Дәрісханаға кірсем, бір-бір скейтборд қолтықтаған студенттер, кітапханада да сол көрініс.

ТМД елдерінің, соның ішінде түркі тілдес халықтардың тарихын зерттеуші профессор Эдриен Эдгар ханым туралы көп естігем. Бүгін ғана кездесудің сәті түсті. Арқасына дәу дорба арта салып, шашын артқа түйіп алып, бас киімін баса киіп алған бір әйел велосипедпен ызғытып келіп алдыма тоқтай қалды. Сөйтсем, іздеген профессор Эдгарым сол екен.

30.10.2010 at 05:56 Оставьте комментарий

Эх, Санта-Барбара

 

Қонаққа келіңіздер

Санта-Барбарада жүргеніме бір аптаға жуықтап қалды. Біраз нәрсені біліп, жергілікті адамға аздап ұқсап қалдым, бірақ, скейтбордпен сырғанап жүруді, көшеде көк шөпте жатып  ноутбкупен жұмыс істеуді, көшеде жүріп тамақ жеп, шай ішуді ешқашан үйрене алмайтын шығармын.

(далее…)

30.10.2010 at 05:40 4 комментария

Күн жылынса, Грузияда тағы соғыс болады деп жүр жұрт, Құдай сақтасын!

Химия кабинетіндегі пеш Тбилисидегі Кавказ журналистика мектебін бітіру жұмысын жазам деп Грузияда мен араламаған аймақ қалмады. Былтыр тамызда орыс (әлде оңтүстік осетин) әскерінің қоластында біраз уақыт қалып қойған Ламисхана, Сагурамо деген жерлерде болдым. Ламисханадағы мектептің кейпі атқора дерсіз. Соңғы жиырма жылда ешқандай жөндеу көрмегенге ұқсайды. Терезелерінде жамау әйнек. «Грузиндерге Құдай көмектесіп, қысы жылы аймақтан жер беріпті ғой, біздің жақтың қысы болса, мына мектептің оқушылары әлдеқашан қатып қалған болар еді-ау» деп ойладым. (далее…)

17.03.2009 at 23:08 10 комментариев

Александр Милинкевич: Диктаторды тәубесіне түсірген — экономикалық мәжбүрлік

Александр МилинкевичА.Милинкевич – 2006 жылғы президент сайлауында біріккен оппозиция атынан сайлауға қатысып, ресми қорытындылар бойынша 6 пайызға жуық дауыс алған саясаткер. Өзінің айтуынша, сайлауда ол шын мәнінде сайлаушылардың 21 пайызының қолдауына ие болған. ЕҚЫҰ-ның арнайы бақылаушылар миссиясы бұл сайлаудың әділ өтпегенін мәлімдеген. Кейін күш органдары басып тастаған халықтық шерулерді басқарған да кешегі эколог ғалым А.Милинкевич болатын. Дегенмен, ол өзін «жұмсақ» оппозиционер санайды және А.Лукашенко режимін төпелеп сынай бермейді. Жақында оның өзі басқаратын батысшыл «Реформа үшін» қозғалысы ресми тіркеуден өтіпті. Оның айтуынша, Ресей және Беларус одағы құрылмайтынын сезген соң Мәскеу Беларусты «тойдырудан» бас тартты, енді Лукашенконың батысқа жалтақтамасқа амалы қалмаған.

(далее…)

18.02.2009 at 15:57 3 комментария

Минск әсерлері

  • Калининнің ескерткіші Минск әуежайы басқа стандартты әуежайларға ұқсамайды.  Қап-қараңғы, қуыс-қуыстың бәрі толған жайлы креслолар, және олары темір емес, «кожаный», жұмсақ.  Бұрынғы кеңестік стильде қалып қойса керек.
  • (далее…)

09.02.2009 at 03:44 Оставьте комментарий

Алаң — мола емес…

Майдан Незалежности Алматыдағы Республика алаңының астынан сауда орталығын салу туралы бастама көретілісімен біздің оппозициядағы саяси тұлғалар басқа мәселелерді жиып қойып, Тасмағамбетовке қарсы өре түрегелді. Сонда бұрынғы Алматы әкімінің «Алаң — мола емес» дегені бар еді. Кезінде бұл сөзге жете мән бере қоймағам. Киевтегі бас алаң — Майдан незалежностиді көрген соң әкімнің сөзінің жаны бар деген ойға келдім. (далее…)

28.01.2009 at 11:06 4 комментария

Нино Бурджанадзе: Саакашвили попал в капкан

Экс-спикер парламента Грузии не исключает, что в стране может случиться еще одна революция

Нино БурджанадзеСпустя ровно пять лет после «революции роз», одна из ее организаторов, бывший спикер парламента Грузии Нино Бурджанадзе провела учредительный съезд собственной политической партии, которая теперь уже будет бороться против власти Саакашвили. В апреле прошлого года, покидая команду своего соратника, Бурджанадзе говорила что ушла из политики надолго. Но оказалось, всего-навсего на полгода. Она вернулась с новым революционным лозунгом, чтобы начать все сначала. (далее…)

09.01.2009 at 12:46 2 комментария

Мен қалай Қарабақта қарлы боранда далада түнедім

Қарабақтың басты символы - Ата мен әже ескерткіші Discovery телеарнасында I shouldn’t be alive (Я не должен был выжить) деген хабар бар. Әзірбайжандық бір ақпарат құралының тапсырмасымен және «Жас Алашқа» материал жазам деп Тбилисиден Таулы Қарабаққа жол тартам деп, үсіп қала жаздадым. Менің басымнан кешкендердім әлгі хабарда түрлі жағдайларға ұшырып, ғайыптан тайып аман қалған кісілердікіндей жан түршіктірерлік болмағанымен, біраз тәубеме келтірді. (далее…)

23.12.2008 at 00:02 2 комментария

Предыдущие записи


Рубрики

  • Жеке блогтар

  • Қазақтілді ақпарат құралдары

  • Қазақша сайттар

  • Потоки